Катонқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 қазандағы № 21/276-VII шешімі
(2023.13.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |
Катонқарағай аудандық мәслихаты
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 21/276-VII шешіміне
1-қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023.26.06. № 5/55-VIII шешімімен 2-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2023.24.10. № 8/86-VIII шешімімен 2-қосымша өзгертілді (2023 ж. 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Катонқарағай аудандық мәслихаты
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 21/276-VII шешіміне
2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының
тізбесі